Өтінімі мақұлданған үміткерлер жеке кабинетінде Банкке берілген жолдаманың бар-жоғын КҮН САЙЫН тексеруі қажет. Жолдама берілгеннен кейін оны жүктеп алып, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Банктің кез келген бөлімшесіне тапсыра алады. Мерзім жолдама жіберілген күннен бастап есептеледі.
Банктің төлем қабілеттілігін бағалау рәсімінен өтпеген жағдайда, уәкілетті орган Портал арқылы тізім бойынша келесі үміткерге жолдама беруге құқылы.
Жолдаманы жүктеп алу бойынша бейне-нұсқаулық төменде, «Бейне нұсқаулықтар» бөлімінде орналастырылған.
2026 жылғы өтінімдерді қабылдау қорытындысы
-
«Алматы Жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы
-
Өңір жастарын қолжетімді
баспанамен қамтамасыз ету
және жас отбасыларды қолдау - Жеке кабинет
- өтініш берген сәтте қатысушының жасы 35-ке дейін (жұбайының жасына қарамастан) – «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларын қоспағанда
- бағдарламаға қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады
- өтінім берген сәтте өтініш иесінің Алматы қаласында кемінде 1 (бір) жыл тұрақты тіркеуі және жұбайының тұрақты тіркеуі болуы тиіс - «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларын қоспағанда
- бағдарлама қатысушысының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде меншік құқығында тұрғын үйінің, оның ішінде ортақ бірлескен меншік нысанындағы және сатып алу құқығымен жалға алынған тұрғын үйінің болмауы, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату фактілерінің болмауы.
- жалдамалы тұрғын үйді жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтер үшін қарызының болмауы – «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушылары үшін
- Қатысушы Алматыда кемінде соңғы 6 ай бойы таңдалған салада міндетті зейнетақы жарналарымен жұмыс істеуі керек – «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасының жалға алушыларын қоспағанда
Ақпараттық қызметке қолжетімділік Қазақстан Ұлттық куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасының азаматтарына
- Тұрғын үй қатынастарына басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлеріне
Қажетті құжаттар
Салалар бойынша бөлу
Құжаттарды қабылдау тәртібі
1. Уәкілетті орган Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ашық және бәсекелестік ортада айқындалған өнім берушінің интернет-ресурсында (бұдан әрі – Портал) өтініштерді қабылдаудың басталу және аяқталу күнін көрсете отырып, өтініштерді қабылдау мерзімдері туралы хабарландыруды жариялайды.
2. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың толықтығын (порталдың мемлекеттік деректер базаларымен интеграциясы арқылы) осы бағдарламаның 5.2 және 5.3-тармақтарына сәйкестігін тексереді.
3. Осыдан кейін уәкілетті орган ұпайларды есептеуді жүргізеді және порталда ЭЦҚ қол қоятын Екінші деңгейдегі банкке төлем қабілеттілігін бағалаудан өтуге жолдаманы (бұдан әрі – жолдама) қалыптастыра отырып, ең көп ұпай саны бойынша жеңілдетілген несие алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады. Өтініш берушілердің тізімі ұпайлық жүйені ескере отырып (ең көп ұпай саны бойынша) қалыптастырылады. Ұпайларды есептеу"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жастарға жеңілдетілген несие беру ережелері мен шарттарының толық құжатын жүктеу
Бейне нұсқаулықтар
Құқықтық база
-
«Алматы Жастары» бағдарламасын бекіту туралы
Алматы қаласы Мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №257 шешімі